PURINA® үй жануарларын шынайы жақсы көреді және оларға қамқорлық жасайды, олардың қоғамымыздың денсаулығы мен әл-ауқатына қосатын үлесін бағалайды. Сондықтан біз достарымыздың және оларды бағалайтын адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға ниеттіміз.

Үй жануарларына күтім жасау саласындағы сарапшы ретінде бізде үй жануарлары, олардың қожайындары және жалпы қоғам үшін бақытты болашақ құруға үлес қосудың ерекше мүмкіндігі бар. Қоғамның дамуына қай бағыттар тұрғысынан көмек көрсете алатынымыз туралы зерттеу PURINA® міндеттемелеріне негіз болды. Ең маңызды аспектілерге көңіл бөлгенімізге толықтай сенімді болу үшін біз осы мәселені арнайы зерттедік.

Үй жануарларының қожайындарынан, ветеринар дәрігерлерден және біздің индустриядағы беделді мамандардан, сондай-ақ үй жануарларына күтім жасау және тұрақты даму мәселелері жөніндегі сарапшылардан сауалнама алдық, олардың бәрі бізге үй жануарларының қоғамдағы рөлін алға жылжыту арқылы айтарлықтай үлес қоса алатын бағыттарды анықтауға, сонымен қатар өндірістік қызметіміздің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту шараларын анықтауға көмектесті. Бізді үнемі PURINA®-ның қай салаға жұмсаған күш-жігері оң бағаға ие болады деген мәселе мазалайды. Біз қазірдің өзінде қай қырымыздан көшбасшылық позицияға жеттік? Қай салаларда өз қызметіміздің тиімділігін арттыра аламыз?

Тұтынушылар мен жұртшылықтың көзқарасы тұрғысынан неғұрлым маңызды мәселелерді зерделеу бізге «PURINA® қоғамда» бастамасының 10 міндеттемесін тұжырымдауға мүмкіндік берді, оларды орындау бизнесіміздің негізі ғана емес, сондай-ақ қазір де, болашақта да барлық қызметкерлеріміздің жұмысындағы мызғымас қағидат болмақ.

Өзімізге жүктелген міндеттемелерді орындай отырып, сондай-ақ осы бастаманы іске асыруға ниет білдірушілердің бәрін шақыра отырып, достарымыздың, олардың қожайындарының және жалпы бүкіл қоғамның денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосамыз деген үміттеміз. Біз азықтандыруға байланысты қызмет саласынан тыс шығып, үй жануарларын күтіп ұстауға немесе олармен қарым-қатынас жасауға байланысты қоғамның эмоционалды, физикалық, әлеуметтік, менталды және психологиялық денсаулық мәселелерін қамтуға тырысамыз. PURINA®-да біз денсаулық, әл-ауқат және қоршаған ортаны қорғауды үй жануарлары мен олардың қожайындары үшін бақытты болашақ құрудың негізгі элементтері ретінде қарастырамыз.

Біздің міндеттемелеріміз туралы толық ақпарат алыңыз

Тұтынушылар мен жұртшылық үшін маңызды мәселелерді зерттеу

Біздің зерттеуіміз үй жануарларына қамқорлық жасайтын адамдар, сондай-ақ біздің компанияның қызметіне қызығушылық танытатын жандардың бәрі, әсіресе тамақ және үй жануарларына арналған азық өндірісі сияқты салалар бойынша аса маңызды болып табылатын мәселелерді қозғады. Біздің басты назарымыз – қоғам өкілдері мен барлық мүдделі тараптар арасында үлкен алаңдаушылық туғызатын және біздің қаржылық, өндірістік қызметімізге, компанияның беделіне тікелей әсер етуі мүмкін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық проблемалар.

Сонымен қатар жүргізілген зерттеу нәтижелері біздің жұмысымызда кездесетін немесе жақын болашақта тап болатын мәселелерге баса назар аударуға мүмкіндік берді.

Алынған мәліметтер бізге үй жануарлары мен оларды жақсы көретін қожайындарының, сондай-ақ бүкіл қоғамның өмір сүру сапасын жақсарту үшін белгілі бір әлеуметтік міндеттемелерді өз мойнымызға жүктеуге болатын салаларды анықтауға көмектеседі.

Тұтынушылар мен жұртшылық үшін қандай мәселелердің аса маңызды екенін толығырақ білу